Өңірлер

Шымкентте 13 жастағы жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізілді

Жасөспірім бала зорлады деген күдікке ілінді, зардап шегуші баланың ата-анасы полицияға 4 маусым күні арыз түсірген
Sputnik

АСТАНА, 8 маусым — Sputnik.  Шымкентте 13 жастағы жасөспірім 6 жасар балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады деп күдікке алынған, деп хабарлады 24.kz. 

ОҚО-да баланы зорлады деп айыпталған бозбала ақталып шықты

Оқиға қала іргесіндегі Бозарық елді мекеніндегі құрылыс алаңдарының бірінде болған. Ал зардап шегуші баланың ата-анасы полицияға 4 маусым күні арыз түсірген. Қазіргі таңда бұл деректі облыстық Ішкі істер департаменті растап отыр. Осы іске қатысты Қаратау аудандық полиция бөлімі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізуде. Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған күдікті ата-анасының қарауында. 

"Күдікті анықталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Қаратау аудандық полиция бөлімінде ҚР Қылмыстық кодексі сексуалдық сипаттағы жасаған қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірнеше сараптама тағайындалды", — деді облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы Салтанат Қаракөзова.