Саясат

Фотодерек: Назарбаев Қытай басшысына не айтты?

Қазақстан президенті кадрда қытайлық әріптесіне әлденені ынта-шынтасымен беріле айтып келе жатыр
Sputnik

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің әңгімелесіп келе жатқан сәті фотографтардың бірінің объективіне түсіп қалды.  

Ақжарқын Тұрлыбай Қытай түрмесінде немен айналысып жүр?

Бейжіңге мемлекеттік сапар аясында Қазақстан мен ҚХР лидерлерінің кеңейтілген құрамдағы кездесуі өтті.  

– Мен, ең алдымен, Сізді жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайлануыңызбен және Қытай Компартиясының ХІХ съезін табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Бұл қытайлық өзіндік ерекшелігі бар социализм құру жолындағы әлемдік мәні бар айтулы оқиға болды, – деп Ақорда Қазақстан президентінің сөзінен үзінді келтірді.

Кездесу соңында Қазақстан президенті Қытай Халық Республикасының төрағасын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды. 

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин