Спорт

Головкин "Канелоның" талаптарымен келісті

Қазақстандық боксшы "Канеломен" реванш өткізгісі келеді, табысты 55 те 45 көрсеткіші бойынша бөлуге дайын
Sputnik

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль"Канело" Альварестің қойған талаптарымен келісті, деп хабарлады prosports.kz ESPN порталына сілтеме жасап. 

Головкин чемпиондық белбеуінен ресми түрде айырылды

GGG өз талаптарын Халықаралық бокс федерациясы (IBF) чемпиондық белбеуін тартып алғаннан кейін өзгертіп отыр. Қазақстандық боксшы бұған дейін Альварестен табысын 35 пайыздан 50 пайызға дейін көтеруді талап етіп, реванш өткізуге келісім бермей қойған болатын.

"Геннадий өз талабын түсіруге келісім береді. Ол Оскардың  айтқанына қарамастан, "Канеломен" реванш өткізгісі келеді, табысты да 55 те 45 көрсеткіші бойынша бөлуге дайын. Олардың кездесуі өте маңызды. Біз жекпе-жекті қалаймыз", — дейді Головкин промоутері Том Леффлер.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Халықаралық бокс федерациясы Геннадий Головкинді чемпиондық атағынан айыруға шешім қабылдаған болатын.