Саясат

Назарбаев Рим папасын Астанаға шақырды

Кардинал Пьетро Паролин Ватикан Назарбаевтың барлық дін өкілдері арасында бейбітшілік пен келісім орнату бағытындағы бастамаларын қолдайтынын атап өтті
Sputnik

АСТАНА, 7 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рим папасы Францискті Астанадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуға шақырды. 

Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан президентінің шақыру қағазын Ватиканның мемлекеттік хатшысы Пьетро Паролинге сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырды. 

Кардинал Пьетро Паролин форум әлемде үлкен танымалдылыққа ие болып жатқанын мәлімдеді. Ол Ватикан Назарбаевтың барлық дін өкілдері арасында бейбітшілік пен келісім орнату бағытындағы бастамаларын алдағы уақытта да қолдайтынын атап өтті. Паролин де елордаға шақырту алды.   

Тоқаев Ватиканға жұмыс сапары кезінде елдердің ынтымақтастығы толығымен өзара түсіністікке және жоғары деңгейдегі сенімге негізделгенін тілге тиек етті. Тоқаев Рим папасына Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенді қатысқаны үшін алғыс айтты.

 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі Қазақстанның елордасында биылғы жылдың 10-11 қазанында өтеді.