Өңірлер

Сантехник қоймалжың құдығына түсіп қаза тапты

52 жастағы ер адам қоймалжың құдығында аммиакқа уланып қалыпты
Sputnik

ПАВЛОДАР, 7 маусым — Sputnik. Павлодар облысында мал шаруашылығы кешенінде жұмысшы қоймалжың құдығына түсіп қаза тапты, деп хабарлайды pavlodartoday.com порталы.

Павлодар облысында жұмысшы топырақ астында тұншығып қалды

Қайғылы оқиға сейсенбі 5 маусымда болған. 52 жастағы сантехник ағызу құбырын тексеріп жатыпты. Ер адамның қоймалжың құдығына қалай құлап кеткені тергеу барысында анықталмақ.

Басылым атап өткендей, кәсіпорын өкілдері тәулік өткен соң марқұмның отбасына барып, жерлеу рәсіміне көмектескен. Қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Нәтижесінде ер адам өлімінің нақты себебі белгілі болады.