Өңірлер

Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік құрылысын өзгертті

Екі аудан төртке бөлініп, әрқайсысында жаңа әкімшілік орталық белгіленді
Sputnik

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы жарлыққа қол қойды.

Шымкент қаласының мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойылды

Жарлыққа сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Жетісай қаласында болатын Жетісай ауданы, әкімшілік орталығы Мырзакент кентінде болатын Мақтаарал ауданы пайда болды.

Сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданын бөлу жолымен әкімшілік орталығы Сарыағаш қаласында болатын Сарыағаш ауданы, әкімшілік орталығы Абай ауылында болатын Келес ауданы әкімшілік-аумақтық бірліктері құрылды.

Қазақстан Республикасының үкіметіне осы жарлықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.