Өңірлер

Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Екі облыста да қатты жел соғып, ауа райы бұзылады
Sputnik

АСТАНА, 6 маусым — Sputnik. "Қазгидромет" РМК Қостанай мен Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Синоптиктердің болжамынша, ертең Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін, бұршақ түседі деп болжануда. 

Сондай-ақ, 7 маусымда Қызылорда облысының кейбір ауданында найзағай ойнап, шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан 15-20 м/с жел соғып, 41°С аптап ыстық болады.