Қоғам

Қазақстанның екі облысында дабылды ескерту жарияланды

Қызылорда облысында 40°С аптап ыстық болады, СҚО-да желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 5 маусым — Sputnik.  Қызылорда облысында аптап ыстыққа, ал  Солтүстік Қазақстан облысында қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.  

"6 маусым күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 40°С аптап ыстық болады деп болжанып отыр", — деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар 6 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, ал күндіз басым аумақта оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, екпіні 23 м/с болуы мүмкін. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. 

Петропавл қаласында 6 маусым күні күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді деп болжануда.