АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларға шетелдік мамандарды тартуды қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар жергілікті мамандардан сыйақысы 3-4 есе көп халықаралық консультанттарды тартуға қыруар қаржы жұмсауын қояр емес. Оның үстіне, олардың еңбекақысын реттеу бойынша нормативтік-құқықтық база да жоқ. Осы орайда сарапшыларды тарту бойынша бірыңғай орталық құру жолымен халықаралық кеңесшілердің қызметіне шығыстарды оңтайландыру қажет деп санаймыз", — деді Годунова мәжілістің жалпы отырысында.
Оның айтуынша, Есеп комитеті зерттеу жүргізу мен халықаралық консультанттарды тартуға республикалық бюджет қаржысын пайдалануға талдау жүргізген. Нәтижесінде зерттеу жүргізуге жұмсалған ақша сомасында әжептәуір айырмашылықтар анықталған.
"Зерттеуді жоспарлау, оны қабылдау және нәтижелерін есепке алу кезінде "бір терезе" қағидатын енгізу қажет. Бұл оларды орындауға бағытталған қаржының тиімділігін арттырады", — деді ол.