Өңірлер

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы шықты

5-7 маусымға арналған ауа-райы болжамы
Sputnik

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Атмосфералық фронттардың ықпалынан  республиканың кей жерінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді. Ауа температурасы көтеріледі, ол климаттық нормаға жуық болады. 

Республиканың солтүстігінде +25+33 градусқа, оңтүстігінде +30+35, ал қиыр оңтүстікте 40 градусқа дейін күн ысиды. 

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дабылды ескерту жарияланған. 5 маусымда  оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Кей жерлерде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ тұсуі мүмкін. 

Петропавл қаласында батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болады. Найзағай, дауыл болады, бұршақ жаууы ықтимал.