Өңірлер

Қостанай облысында 6 жасар баланы темір есік басып қалды

Пәтерден жиһазды шығарып жатқан кезде темір есік баланың үстіне құлаған
Sputnik

АСТАНА, 4 маусым — Sputnik. Қостанай облысының Лисаковск қаласында 6 жасар баланың үстіне темір есік құлап мерт болды, деп жазады "Алау" порталы. 

Қайғылы оқиға 2 маусымда көпқабатты үйде пәтерден жиһаз шығарып жатқан кезде болған. 

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, кіреберіс темір есік бекітілмеген екен, ол 2012 жылы туған баланың үстіне құлаған. 

Жарақат алған ер бала қалалық ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады.