Қоғам

Қазақстанда 12 адам менингиттен көз жұмды

Жыл басынан бері менингит жұқтырған 58 адам ауруханаға түскен
Sputnik

АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Қазақстанда 12 адам менингиттен қайтыс болды. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Бұл туралы бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көкшетауда 10 айлық сәби менингит диагнозымен ауруханаға түсті

"Жыл басынан бері 58 адам менингитпен тіркелді, оның арасында 18 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар. Жыл басынан бері 12 адам аталған аурудан көз жұмды, олардың ішінде бесеуі – 14 жасқа дейінгі балалар", — деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Біртанов әр жылдары менингитпен ауырған және қайтыс болғандар санына тоқталды.

"2013-2014 жылдары 119 адам менингит жұқтырса, 2015 жылы – 424, 2016 —160, 2017 жылы – 62 адам ауырған. 2014 жылы 18 адам қайтыс болса, 2016 жылы – 7, 2017 – 11, биыл 12 адам ауырып көз жұмды", — деді ведомство басшысы. 

Айтуынша, ең бірінші науқас 30 сәуір күні тіркелген. 

"Өткен аптада менің бұйрығыммен республикалық штаб құрылды. Оған денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой жетекшілік етеді", —деді Біртанов.