Әлем

Қырғызстанда сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтті

Халықаралық балаларды қорғау күні ұйымдастырылған сайыста 100-ге тарта бөбек бақ сынаған
Sputnik

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Қырғызстанның Ош қаласында алғаш рет сәбилер арасында еңбектеуден чемпионат өтті, деп хабарлайды kabar.kg.

Ақтауда алып бала дүниеге келді

Ош қалалық жастар ісі комитеті 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Менин биринчи ийгилигим" ұранымен сәбилер арасында жарыс ұйымдастырды.

Біріншілікке 100-ге тарта бөбек қатысты. Бірінші орынды 11 айлық Әлихан Сатимбаев иеленсе, 2-орын 11 айлық Адиля Ниматиллаеваға, 3-орын 10 айлық Аруузат Соотбековаға бұйырды. 

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарман марапатталды, ал сәбилердің ата-анасына құрмет грамотасы табысталды. 

Бұған қоса, ұйымдастырушылардың атынан 500-ге жуық балаға балмұздақ таратылып, шығармашылық және зияткерлік байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, интернат үйінің 40 тәрбиеленушісі киноға тегін бару мүмкіндігіне ие болды.