Оқиға

Өскеменде өрттен үш адам көз жұмды

Құтқарушылар үйден төрт адамды алып шықты, оның үшеуі сол жерде көз жұмған, біреуі ауыр халде жатыр
Sputnik

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Өскеменде жекеменшік үйден шыққан өрттің салдарынан үш ер адам қаза тапты, тағы екі адам қазір ауыр халде жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Таразда пәтерден өрт шығып, бес жасар қыз қаза тапты

Оқиға 1 маусым күні Невская көшесі,2 мекен-жайында болды. Шақыртуға келіп жеткен құтқарушылар жалынға оранған үйден шыққан адамға көмек көрсетіп үлгерді. Олар үй ішінен тағы төрт ер адамды алып шықты. Оның үшеуі сол жерде көз жұмған, біреуі ауыр халде болатын.

Өрттен зардап шеккендерге медицина және апаттар орталығының бригадасы алғашқы медициналық жәрдем көрсетті. Олардың үйдің ішінде ішімдік ішіп отыруы мүмкін деген мәлімет бар.

Өрттің шығу себептері қазір анықталуда. Алдымен үйдің жанындағы сарай өртеніп, өрт баспананың өзіне ауысқан деп болжануда.