Оқиға

ШҚО-да жас жігіт пен алты жасар бала суға кетті

ТЖ комитеті суға шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды және ата-аналарға кішкентай балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді
Sputnik

АСТАНА, 3 маусым — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында сенбі күні 20 жастағы жігіт пен алты жасар бала суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы облысында бір үйдің екі баласы каналға батып кетті

Кеше сағат 16:45-те Жарма ауданының Қызылағаш ауылында 2012 жылы туған бала Қарасу өзеніне батып кетті. Ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін жүзу білмеген. 

Дәл сол күні сағат кешкі 20:20-да Семей қаласы, Бобровка кентінде 1998 жылғы жігіт Ертіс өзенінде суға батып кетті. Анықталғандай, қаза тапқан жас жігіт суға түсуге болмайтын аумақта шомылған. 

Төтенше жағдай комитеті қазақстандықтарды шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. Сонымен қатар, ересектерден балаларды көзден таса қылмауды сұрайды.