Әлем

Арыстандар, жолбарыстар, ягуар және аю зообақтан қашып кетті

Жыртқыш аңдар табылып, зообаққа қайтарылды. Қоршаудың бұзылып қалған жерінен шығып кетіпті
Sputnik

АСТАНА, 2 маусым  –  Sputnik. Германияның Люнебах қаласындағы зообақтан бірнеше арыстан мен жолбарыс, сонымен біге ягуар және аю қашып кетті.

РИА Новости Suedwestrundfunk радиостанциясына сілтеме жасап хабарлағандай, зообақтың қоршауына қолайсыз ауа райы кезінде зақым келіп, аңдар шығып кеткен екен. Жергілікті тұрғындардан үйден шықпай, аңдарды көрген жағдайда полицияға бірден хабарласуды сұрады.

Кейінірек аю табылды: жыртқышты атып тастаған. Trierischer Volksfreund басылымының хабарлауынша, арыстандар, жолбарыстар мен ягуар зообақ аумағынан табылған. Олардың қайда екенін дронның көмегімен анықтапты.