Спорт

Головкин желтоқсанда кіммен жұдырықтасады?

Қазақстандық боксшы биыл үш жекпе-жек өткізбек, соңғысы желтоқсанға жоспарланған
Sputnik

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин 2018 жылы үш жекпе-жек өткізбек, деп хабарлады prosports.kz. 

Өзбектер Головкин мен Қайрат Нұртасты білмейтін болып шықты – видео

5 мамырда GGG америкалық Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, жеңіске жеткен болатын. Ал қыркүйекте Геннадий мексикалық Сауль Алвьареспен кездеседі деп күтілген. Алайда қос тарап келісе алмай жатыр.

Үшінші жекпе-жек желтоқсанға жоспарланған. Бұл кездесуде Головкин WBA чемпионы жапониялық Риота Муратамен жұдырықтасуы ықтимал. Бұл туралы Головкиннің просоутері Том Леффлер мәлім етті.

Оның айтуынша, жапониялық боксшының өзі де, командасы да жыл соңында осы жекпе-жекті ұйымдастыруға келісіп отыр екен.