АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Таврия ауылында оқыс оқиға болды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көрші ауылдың жігіті жас қызды соққыға жығып өлтіріпті, деп хабарлады altaynews.kz.
Порталдың мәліметінше, полиция осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.
Анықталғандай, 21 жастағы Таврия ауылының тұрғыны алған жарақаттың салдарынан көз жұмған. ҚР Қылмыстық кодексінің 106 бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, 23 жастағы Привольное ауылының тұрғыны қамауға алынды.
Қазір болған жайтқа қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.