АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қарағанды облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өңірлік бөлімінің басшысы заңсыз жебеушілік жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Facebook парақшасы.
"2018 жылдың 26 мамырында Жемқорлыққа қарсы қызметтің ішкі қауіпсіздік басқармасы және Қарағанды облысының ҰҚК департаменті қызметкерлері бірігіп жүргізген тексеру шаралары барысында мемлекеттік қаражатты қымқырған коммерциялық құрылымдарға заңсыз жебеушілік көрсетті деген күдікпен Қарағанды облысы Балқаш өңірі бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының департаменті ауданаралық бөлім басшысы ұсталды", — делінген хабарламада.
Басқа мәлімет тергеуге кедергі болмас үшін хабарланған жоқ.