Саясат

Назарбаев Астанада "Нұр Отанның" саяси кеңесінің отырысын ашты

Отырыс барысында партияны жаңғырту мәселелері талқыланады
Sputnik

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаев Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

Отырысқа саяси кеңес мүшелері – үкімет, парламент, президент әкімшілігінің басшылығы, мемлекеттік хатшы, "Нұр Отан" партиясының мәжілістегі фракциясының депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жетекшілері қатысып жатыр. 

Бұдан бөлек, бейнеконференция режимінде барлық өңірлер қосылған. 

Отырыста мемлекет басшысының 2017 жылдың 3 қарашасында партия саяси кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын іске асыру барысы және президенттің бес әлеуметтік бастамасының іске асырылуын қадағалайтын қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мәселелері қаралады.