Өңірлер

Ақмола облысында әйел адам үсіп өлді

Әйел адамның нақты неден көз жұмғанын сот-медициналық сарапшылар анықтайды
Sputnik

АСТАНА, 1 маусым — Sputnik. Ақмола облысында әйел адам, бастапқы деректер бойынша, үсіп қаза тапқан.

Қостанай облысында ер адам мен әйел үсіп қала жаздады

Еңбекшілдер ауданы Макинка ауылында жергілікті тұрғындар 30 мамырда таңертең әйел адамның денесін көшеден тауып алған. Бастапқы деректер бойынша, ауыл тұрғыны үсіп қалған екен. 

"1975 жылы туған әйел, отбасы, балалары жоқ. Өзі жалғыз тұратын. Өлімінің себептері әлі белгісіз, медициналық сараптама қорытындысы шыққан жоқ", — деп мәлімет берді Макинка ауылдық округі.

Әйел адам маскүнемдікке салынған екен. Соның кесірінен жұмысқа тұра алмай жүріпті.