Өңірлер

Тараздықтар Алтынбек Қоразбаевтың жомарттығына тәнті болды

"Сыйға сый, сыраға бал" демекші облыс әкімі Асқар Мырзахметов композиторге шапан жауып, темір тұлпар мінгізді
Sputnik

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Белгілі композитор, халық әртісі Алтынбек Қоразбаев Тараз қаласындағы №30 орта мектепке балалардың білімді болашағы үшін 1 миллион 700 мың теңгелік сертификат табыстап, қайырымдылық жасады, деп хабарлады 77news.kz.

Павлодарлық мұғалім Африкадағы 280 отбасыны тамақтандырды

Алтынбек Қоразбаев туған жерге табан тіреп, Тараз  жұртшылығын сазды әуенмен тербеді. Оның арнайы кеш өткізуіне туған жерге деген сағынышы себеп болған.  "Туған жерге туыңды тік" дегенді ескерген сазгер артынан өсіп келе жатқан ұрпағының болашағы үшін жомарттық танытып, арнайы IT сыныбы үшін концерттен жиналған қаржыны жауапты мамандар қолына тапсырды.

"Сыйға сый, сыраға бал" демекші кеш соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов құттықтау сөз сөйлеп, композиторге шапан жауып, темір тұлпар мінгізді.