Саясат

Назарбаев Қазақстанның Грузиядағы жаңа елшісін тағайындады

Мұхаметжанов әр жылдары әділет министрі, ішкі істер министрі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған
Sputnik

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Бауыржан Әлімұлы Мұхаметжанов Қазақстан Республикасының Грузиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жолдады

"Ол Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", — делінген хабарламада.

57 жастағы Бауыржан Мұхаметжанов Киров атындағы ҚазМУ түлегі.  Әр жылдары әділет министрі, ішкі істер министрі, президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Сенат депутаты болған. 2011-2013 жылдар аралығында Маңғыстау облысы әкімі болып, кейін Қазақстанның Литва және Латвиядағы елшісі лауазымына тағайындалды.