Өңірлер

Көкшетауда үшінші қабаттан құлаған бала аман қалды

Бес жасар қыздың ішіне зақым келген, қазір хирургия бөлімінде жатыр
Sputnik

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Көкшетауда бес жасар қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Қазір баланың жағдайы бір қалыпты, деп хабарлайды дәрігерлер.

Астанада үш жасар бала 16-қабаттан құлап кетті

Оқиға Көкшетаудағы Бурабай шағын ауданында болған. 2013 жылы туған қыз үшінші қабаттан құлап, Ақмола облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың хәлі – орташа деңгейде, ауыр жарақат алмаған. Қазір хирургия бөлімінде.