Спорт

Ресей спорт шебері Қазақстан футбол құрамасын жаттықтыратын болды

Рәзия Нұркенова 1 шілдеден қызметіне кіріспек. Қазақстанның әйелдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Айтпай Жамантаев команданың селекционері болып тағайындалды
Sputnik

АСТАНА, 31 мамыр — Sputnik. Рәзия Нұркенова Қазақстанның футболдан әйелдер ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері болды.

"Астана" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Маманды Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин таныстырды. Бас бапкер қызметіне 1 шілдеден бастап кіріседі. Қазақстанның әйелдер құрамасының бұрынғы бас бапкері Айтпай Жамантаев команданың селекционері болып тағайындалды.

50 жастағы Рәзия Нұркенова Қазақстан тумасы. Жоғары білімін Қарағанды педагогикалық институтында алған. Ресейдің спорт шебері.