Оқиға

Петропавлда құрылысшы бетон араластырғыштың ішіне түсіп қаза тапты

Қазір арнайы комиссия оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр
Sputnik

АСТАНА, 30 мамыр — Sputnik. Петропавлда құрылысшы бетон араластырғышқа түсіп ажал құшты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Өскемендік жұмысшы опырылған топырақтың астында қалды

Қайғылы оқиға 29 мамырда кешке "Жас Өркен" шағын ауданындағы құрылыс алаңында болған. 48 жастағы ер адам жұмыс күні аяқталар кезде бетон араластырғышты тазалап жатып, ішіне түсіп кеткен. Сол сәтте механизм іске қосылып, жұмысшы алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.

Sputnik Қазақстанға Солтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқарма төрағасының орынбасары Арман Жәлелов хабарлағандай, оқыс оқиғаға кімнің айыпты екенін айтуға әлі ерте.

Оның сөзіне сүйенсек, арнайы комиссия қайғылы жайтты тергеп жатыр. Тиісті шаралар атқарылған соң, қорытынды шығарылады.