Оқиға

Қостанайда әйел моншада тірідей өртеніп кетті

Алдын ала мәлімет бойынша, саяжайдағы өртке қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін
Sputnik

АСТАНА, 29 мамыр— Sputnik. Қостанайда электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан өрт шығып, әйел адам көз жұмды.

Алматы облысында жолаушылар автобусы өртеніп кетті

"Алау" порталы жазғандай, трагедия саяжай аумағында болған. Тілсіз жау саяжай үйі мен жазғы асхананың күлін көкке ұшырған.

"Үйге жапсарлас салынған моншаның шатыры, еденінің жартысы, қабырғаларының қаптамасы, төбесі мен есігі өртенді. Жалын 65 шаршы метрге шарпыған. Моншадағы өртті сөндіру кезінде 51 жастағы әйелдің мәйіті табылды", — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.  

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.