АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Бішкекте жас жігіт үйлену мақсатында алып қашқан қалыңдығын өлтірді деген күдікке ілінді.
Sputnik Қырғызстан Шу облысы ішкі істер бас бармасына сілтеме жасап хабарлағандай, трагедия 27 мамыр күні қырғыздың Кара-Балта қаласында болған.
Кешке қарай тәртіп сақшыларына қызды некеге тұру мақсатында ұрлап әкеткені жайлы хабарлама түскен, құқық қорғаушылар жедел Subaru Outback автокөлігін ұстауға кіріскен. Көлік табылып, тоқтатылды. Белгілі болғандай, рөлде 29 жастағы жігіт болған, салонда сондай-ақ екі жолаушы – 30 жастағы ер адам мен 20-жастағы қыз отырған. Үшеуі де полиция бөлімшесіне жеткізілді.
Полицей учаскесінде кезекші құжаттарды рәсімдеуді бастайды. Қыз азаматтарды қабылдау бөлмесінде қалған. Біраз уақыттан кейін оған көлік жүргізушісі кіріп, есікті ішінен іліп алған, бөлмеден айқай-шу естіледі.
Милиционерлер есікті бұзып кіріп, қанға малынған қызды тауып алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қызға және өзіне пышақ салған.
Екеуі де ауруханаға жеткізілді, алайда бәрі кеш еді: қыз есін жимастан жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Ер адамға ота жасалды.
"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, қызметтік тексеріс басталды.