Әлем

Тәжікстанда қалыңдықтың пәктігін тексерту жайлы дау ушыға түсті

Тәжікстанның дәстүрлі қоғамында бойжеткен тұрмысқа шыққанға дейін пәктігі сақталуы қажет
Sputnik

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Тәжікстанда қалыңдықтың пәктігін дәрігер арқылы тексерту тәжірибесі тоқтамай тұр. Соңғы төрт айда Хатлонның сот-медициналық сараптама орталығына 12 бойжеткеннің пәктігі тексерілуге жіберілген, деп хабарлайды centralasian.org. 

Түрікменстанда пәктігі табылмаған қыздарды бүкіл мектепке масқаралап жатыр

Хатлон облысы сот-медициналық сараптама орталығының директоры Суннатулло Зугуров кейбір жағдайда ер азаматтардың талабы негізсіз екенін, олар бұл жағдай бойжеткен үшін қаншалықты психологиялық тұрғыдан ауыр екенін түсінбейді дейді.

"Бізге екі жас келген кезде, қалыңдықпен және күйеу жігітпен жеке-жеке сөйлесеміз. Кейбірі біздің ақылымызға құлақ асады да, кері қайтады. Мүлдем түсінбейтін ер адамдар да болады", — дейді Зугуров.

Мәселен, 28 жастағы Вахш жазығының тұрғыны Майсара биыл 14 сәуірде тұрмысқа шыққан. Бірақ бақытты некелі өмірі екі-ақ күнге созылған. Күйеуі оның пәктігіне күмән келтіріп, орталыққа тексеруге екі рет жіберген. Екі тексеру кезінде де, қыздың пәктігі орнында болған. Бірақ қорланған қалыңдық жігітпен бірге тұрғысы келмей, кетіп қалған.

"Ант қабылдаудан басталған бірлескен өмір өмір емес деп есептеймін. Ол мені анам және сіңлілерімнің алдында психологиялық тұрғыдан кемсітті. Мен аяғына жығылып, жыладым. Ол екі рет мені сараптама орталығына алып барды", — дейді Майсара.

"Ұят қой!" Көшедегі адам өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қызына ұрысты

Тәжікстанның дәстүрлі қоғамында бойжеткен тұрмысқа шыққанға дейін пәктігі сақталуы қажет. Егер алғашқы неке түнінде оның пәктігі дәлелденбесе, қалыңдықты үйден қуып шығуы мүмкін. Бұл қыздарды көбінде өзінің туған ата-анасы да қабылдамайды. Ол өмір бойы өзінің абыройына дақ салған болып есептеледі.

"Дилафруз" қоғамдық ұйымның төрайымы Райхона Мирзоева қалыңдықтық пәктігі тәжік қоғамында өзекті болып қалып отыр дейді.

Былтыр 18 жастағы Раджабби Хуршед осындай жағдайдың құрбаны болған. Ол күйеуінің қайта-қайта сараптама орталығына жіберуіне намыстанып, сірке суын ішіп, қайтыс болған. Күйеуі Зафар Пиров қалыңдығын өлімге итермеледі деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылған.