Саясат

Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Ұлттық экономика және сыртқы істер министрліктерінің жауапты хатшылары ауысты
Sputnik

АСТАНА, 29 мамыр — Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігі, сондай-ақ ұлттық экономика және сыртқы істер министрліктерінде кадрлық ауыс-түйіс жасау туралы өкімге қол қойды. 

Ұлттық экономика министрінің жаңа орынбасарлары тағайындалды

Президенттің өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Данияр Валерьевич Вагапов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Арман Дайырұлы Жұмабеков Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды;

Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.