Өңірлер

ОҚО-да ауыл тұрғыны үйіндегі қонақтарға оқ жаудырды

Досының үйіне қонаққа келгеннің бірі жеңіл жарақат алған. Үй қожайынына да дәрігерлік көмек қажет болды
Sputnik

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қапланбек ауылының тұрғыны үйіндегі қонақтарға оқ жаудырды. Сарыағаш аудандық соты 1981 жылы туған азаматты қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлады otyrar.kz.

Теміртау тұрғыны бір топ жігітке оқ жаудырды

23 мамыр күні Сарыағаш ауданы Қапланбек ауылының тұрғыны үйіне екі жолдасын шақырып қонақ еткен. Сөйтіп үшеуі ішімдік ішкен. Масайып алған үй қожайыны қонақтарға кетіңдер дей бастайды. Араққа қызып алған қонақтарға бұл ұнамай қалады. Сөйтіп, қонақтар үй қожайынын сабап тастайды. Ашуға мінген үй иесі әкесінің қаруын алып қонақтарға оқ жаудырған.

Досының үйіне қонаққа келгеннің бірі жеңіл жарақат алған. Таяқ жеген үй қожайынына да дәрігерлік көмек қажет болған.

"Іс мән жайын ескере отырып, Е есімді азаматты 2 ай  мерзімге күзетпен қамауға алу туралы сот қаулысы шықты" деп хабарлады Сарыағаш аудандық сотының судьясы Берік Қайыпов.