Фото

Футболдан әлем чемпионатына арналған айшықты граффити

Sputnik

Алдағы әлем чемпионатына арнап суретшілер Мәскеудегі бірнеше үй мен ғимараттың қасбетіне, трансформатор будкаларына неше түрлі сурет салды. 

"Кек алушылардың" қайсысы айып соққысын орындай алады, Криштиану Роналду жанкүйерлеріне не дейді, Лео Месси нешінші нөмірмен алаңға шығады?

Осының бәрін Sputnik Қазақстан фотолентасынан біле аласыз.


1 / 10
2018 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған көздің жауын алатын граффити Мәскеу көшелерінде пайда болды. Олардың біразын шетелдік суретшілер салған.
2 / 10
Тоғыз қабатты үймен бірдей аюға қарап таңғалмайтын жан кемде-кем шығар. "Беляево" метро станциясы жанындағы 30 метрлік граффити мексикалық суретші Фарид Руэдтің қолынан шыққан.
3 / 10
Футбол құрамаларының атауларын жақсы білесіз бе? Олар алаңға қандай жейдемен шығады? Мына граффитиден біраз мағлұмат алуға болатын сияқты.
4 / 10
Қаһармандар әлемді құтқарғаннан басқа ештеңе білмейді деп ойлайсыздар ма? Олар ара-тұра футбол ойнағанды да жек көрмейді.
5 / 10
2018 жылғы әлем чемпионатының ресми символы - Забивака есімді қасқыр.
6 / 10
Ойынды допқа қалай қосу керектігін білмейтін бала бар ма?
7 / 10
Футбол - бүкіл әлем елдерін біріктіретін, ең танымал спорт түрі.
8 / 10
Аргенитананың аты аңызға айналған футболшысы - Диего Марадона.
9 / 10
Криштиану Роналду жанкүйерлеріне не айтқысы келеді? Бүкіл футболшылардың ойы бір жерден шығатын шығар.
10 / 10
Суперкомандамен доп қууға қалай қарайсыз?