Оқиға

Алматыда Mercedes-Benz кісі қағып өлтірді

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Sputnik

АСТАНА, 28 мамыр — Sputnik. Алматыда жаяу жүргінші көлік астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды оқиға куәгерлері Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Мәліметке сәйкес, жол апаты Рысқұлов және Шәріпов көшелерінің қиылысында болған. Оқиға куәгерлерінің сөзіне сүйенсек, Mercedes-Benz C-класс Рысқұлов бойымен батыс бағытта кетіп бара жатады. Неге екені белгісіз жүргізуші кенет рөлге ие бола алмай, бордюрге шығып кетеді.

1 / 3
Алматыда Mercedes-Benz кісі қағып өлтірді
2 / 3
Алматыда Mercedes-Benz кісі қағып өлтірді
3 / 3
Алматыда Mercedes-Benz кісі қағып өлтірді

Салдарынан көлік жаяу жүргіншіні қағып, көше жарығы бағанасына бір-ақ ұшырып жіберді. Mercedes-тің өзі 100 метрдей қашықтыққа ұшып, аударылып қалды. Жаяу жүргінші алған жарақатынан жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Ал жүргізуші ауруханаға жатқызылды.