Өңірлер

Атбасарда жазға бес күн қалғанда қар жауды

Мамырдағы ауа райына таңғалған қала тұрғындары қар басқан қаланың суреттерін мессенджерлер арқылы таратып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Ақмола облысының Атбасар қаласында бүгін таңертең қар жауды. Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы 27 мамырға қараған түні төмендеген.  

Таңға алтыға қарай температура Цельсий бойынша 0 градусқа дейін төмендеді. Қара суық қарды ала келген.  

Жергілікті тұрғындар мамырдағы қардың суреттерін мессенджерлер арқылы таратып жатыр. Түске қарай Атбасардағы температура үш-төрт градусқа дейін көтеріліп, біршама жылынды.

1 / 3
Атбасарға қар жауды
2 / 3
Атбасарға қар жауды
3 / 3
Атбасарға қар жауды

Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы жеті градусқа көтеріледі. Дүйсенбі, 28 мамырда қалада күн 19 градусқа дейін жылы болады.