Өңірлер

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: екі адам мінген мопед қақ бөлінді

Жеңіл мотоциклмен келе жатқан қыз бен жігіт көптеген жарақат алып, ауыр халде ауруханаға жатқызылды
Sputnik

АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Алматыда Абай даңғылында мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам зардап шекті. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға куәгерлер хабарлады. 

Алматыда жол апаты жиі болатын көшелер анықталды

Mercedes автокөлігі Абай даңғылымен келе жатқан. Жүргізуші Саин және Момышұлы көшелерінің арасында қозғалыстың қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, бұрыла бастаған. Осы кезде Абаймен қарама-қарсы бағытта мопед келе жатқан. Қос доңғалақты көліктің жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, автокөлікке соқтығысқан. Соққыдан мопед қақ бөлініп қалды.   

Жол апаты салдарынан мопедтің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр жарақат алды. Олар ауруханаға жатқызылды. 

1 / 2
Мопед қақ бөлінді
2 / 2
Мопед қақ бөлінді

Жол полициясының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.