АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Теміртау полициясы мамыр соңында болған кісі өлімін тергеп жатыр, деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Күйіп қалған мәйіт 20 мамырда табылып, кісі өлтіру дерегі бйынша қылмыстық іс қозғалды.
"Облыстың ІІД басшылығы қадағалап, полиция қызметкерлері күдіктіні ұстау үшін барлық тиісті шараны атқарды", — деп хабарлады департамент.
Жедел іздеу шаралар барысында 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті мойындағандай, жанжал кезінде жәбірленушіні жарақаттап, қылмысын жасыру үшін мәйітін өртеп жіберген.
Жас жігіт уақытша ұстау абақтысында отыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.