Қоғам

Астанада ерекше жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

Бұл өткел Астана тұрғындарына жолдан абайлап өтуді үйрету мақсатында жасалған
Sputnik

АСТАНА, 26 мамыр — Sputnik. Астананың билік өкілдері елордалық жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздігі ережелеріне назар аудартудың айрықша тәсілін ойлап тапты.

Елордалық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, көліктің кісіні қағып кетуіне көбінесе жаяу жүргіншінің өзі кіеәлі болады. Тұрғындар жолды тиісті емес жерден кесіп өтіп, кейде жаяу жүргіншілер өткелінен өтерде ұялы телефондарына үңіліп, құлаққап киіп кетіп бара жатады, бұл да жол ережесіне мән бермеуге әкеп соғады.

1 / 2
Астанада ерекше жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды
2 / 2
Астанада ерекше жаяу жүргіншілер өткелі пайда болды

Профилактика мақсатында полиция "Сәбидің қолынан ұста!", "Құлаққапты шеш!", "Жан-жағыңа қара!" деген жазуларды жаяу жүргіншілер өткеліне жазып қойды. Мұндай жазбалар Ақжол көшесіндегі өткелдерде пайда болған.

Бұл шаралар жаяу жүргіншілерді жол жүру ережесін қаперінде ұстап, жолдан абайлап өтуге үйретеді, деп санайды ІІД.