"Гамсутль" авар тілінен аударғанда "Хан қамалы етегінде" деген мағына береді. Тұрғындар таудан қашап үй салған, сол себепті көптеген ғимараттардың фундаменті мен қабырғасы Гамсутльмеэр тауының өзі. Бұл ауылға тар жолмен жетуге болады. Ауыл 40 жыл бұрын қаңырап бос қалды: тұрғындар күнкөріс қамымен көшіп кеткен. Бұрын Гамсутльде дүкендер, перзентхана, пошта, мешіт болған. Қазір елес ауылға дүние жүзінен туристер ағылып келіп жатыр.