Өңірлер

Өскеменде қыздардың басына сыра құйған жігіт 5 жылға сотталды

Дәмханалардың бірінде мас адам екі қызға әдепсіз қылықтар көрсеткен, ол аздай, бірінің басына сыра құйып, екіншісін саптыаяқпен ұрып жіберген
Sputnik

АСТАНА, 25 мамыр  — Sputnik. Өскемендегі дәмханалардың бірінде оқыс оқиға болды. Ер адам қыздарға қыр көрсетіп, ақырында біреуінің басын жарып тастады, деп хабарлайды altaynews.kz. 

Алматы облысында бала күтуші 3 жасар бүлдіршінді ұрып-соққан

Оқиға былай өрбіген. Жұмыстан кейін құрбылар дәмханаға барып отырады. Біраз уақыттан кейін көршілес үстелдегі мас ер адам келіп, таныспақ болады. Бұл ниетін ол дөрекі сөзбен жеткізіп, әдепсіз қылықтар көрсете бастайды. Мазасы кеткен қыздардың оған дөрекі жауап бергені сол-ақ екен, "азаматтық" намысы оянып, ашуланып кеткен. Қолындағы бір саптыаяқ сыраны қыздардың бірінің басына құя салып, ыдысын тағы біреуіне қарай жіберіп қалады. Ауыр шыны қыздың басын жарып, есінен тандырған.

Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем оны дереу ауруханаға жеткізді. Анықталғандай, жәбірленуші жабық бас сүйек-ми зақымын алған, сондай-ақ, маңдай сүйегі сынған.

Қалалық №2 сотта ер адамға бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және де ол жәбір көрген қызға бір жарым миллион теңге мөлшерінде моральдық өтемақы төлейді.