АСТАНА, 25 мамыр — Sputnik. Инфекциялық сырқатпен аурухана түскен адамның артық салмағы болса, оның арық науқаспен салыстырғанда тірі қалу мүмкіндігі екі есе жоғары. Сигрид Грибсхольт жетекшілік етен бір топ дат ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр, деп жазады The Independent.
Ғалымдар бұл жаңалықты Венада семіздік мәселелеріне арналған конгресте жария етті. Олар 2011-2015 жылдар аралығында шұғыл медициналық немесе хирургиялық процедуралар қажет болған 18 мыңнан астам науқастың мәліметтерін зерттеген. Ауруханадан шыққан соң 90 күн ішінде болған өлім жағдайларын салмақтай келе, артық салмағы бар адамдардың салмағы қалыпты науқастарға қарағанда өмірмен қоштасу мүмкіндігі 40%-ға төмен болғанын анықтайды. Ал семіз адамдарда бұл көрсеткіш тіпті 50%-ға дейін жеткен.
"Семіз адамдардың энергия қоры көп болуы мүмкін, ол ауруға шалдыққан кезде көмектеседі. Бұдан бөлек, семіздік иммундық жүйенің созылмалы стимуляциясымен байланысты, бұл да инфекциялық ауру кезінде пайдалы болуы ықтимал", — дейді дәрігер Грибсхольт.
Ал тағы бір зерттеудің нәтижесі артық салмағы бар науқастардың арық адамдарға қарағанда пневмония мен сепсистен аман қалу мүмкіндігі 30 пайызға дейін жоғары екенін көрсеткен.