Спорт

"Ол – өзге ғаламшарлық боксшы". Пакьяо "Канелодан" қорқатынын айтты

Филиппиннің атақты боксшысы үш жыл бұрын "Қанеломен" жекпе-жек өткізуден бас тартқанын мойындады
Sputnik

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Мэнни Пакьяо мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке шығуға жүрексінген. Филиппин боксшысының осы жайлы айтқан сөзін Facebook-тегі Boxing Fans Worldwide en Español паблигі жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкин – "Канело" реваншы: Котто нокаутқа 3 млн доллар тігетінін айтты

"Үш жыл бұрын маған "Қанеломен" жекпе-жек өткізуді ұсынды. Спортшы екенім рас, бірақ ақымақ емеспін. Мен мұндай төбелестен аман қалмауым мүмкін екенін білдім. "Канело" – өзге ғаламшардан келген боксшы, мен оны құрметтеймін", — деп атап өткен Мэнни Пакьяо.    

Айта кетейік, Boxing Fans Worldwide en Español паблигінің 14 мыңнан астам жазылушысы бар, ресурс АҚШ, Мексика және Пуэрто-Рико елдерінің испан тілді бокс сүйер қауымына арналған.