АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2018 жылғы футболдан әлем чемпионаты өтетін қалаларға келетін отандастарымызға халықаралық үлгідегі медициналық сақтандыру ресімдеуге кеңес береді, делінген республиканың дипломатиялық өкілдігінің ресми сайтында.
Хабарланғандай, Ресейде медициналық сақтандыру ресімдеу бойынша ақпаратты 8 (800) 350-15-56 нөміріне хабарласып білуге немесе Қазақстанның Ресейдегі консулдық мекемесіне қоңырау шалуға болады.
Бұдан бұрын белгілі болғандай, 25 мамыр мен 25 шілде аралығында футболдан әлем чемпионатына байланысты Ресейде шетелдіктерді тіркеудің жаңа ережелері енгізілді.
Ерекше режим матч өтетін қалаларда орнатылған: Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Ростов-на-Дону, Самара және Саранск.
Сонымен, осы қалалардың біріне келген соң үш күн ішінде Қазақстан азаматы РФ ІІМ аймақтық органына немесе Мемлекеттік қызмет көрсетулердің көпфункциялы орталығына барып тіркелуі тиіс.