Өңірлер

Еден жуушы әйел бақылау камерасын шүберекпен жауып, ірі көлемде ақша ұрлады

Сейфтен бір жарым миллион теңге ұрлаған әйел жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді, алайда сот жазаны жеңілдетті
Sputnik

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. Еден жуушы әйел бақылау камерасын шүберекпен жауып, ірі көлемде ақша ұрлады, деп хабарлады Екібастұз қалалық сотының баспасөз қызметі.

Лифтіде би билеген ұры жұртты күлдірді - видео

Сот ведомствосының мәліметінше, бұрын сотталмаған Екібастұз тұрғынына қатысты қылмыстық іс ҚК 188-бабы 3-тармағы бойынша қаралған.

Істің деректері бойынша, 2018 жылы 7 қаңтарда ЖШС-да еден жуушы болып істейтін сотталушы менеджер кабинетінде орнатылған бақылау камерасын шүберекпен жауып, қосалқы кілтпен сейфті ашып, 1 миллион 500 мың теңге ұрлап кеткен.

Сотталушы айыбын толығымен мойындап, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.

Сот оны айыпты деп танығанымен, жазасын жеңілдетіп, үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.