Қоғам

АҚШ Қазақстандағы газ құбырын салу кезінде ақша жылыстату ісін тергеп жатыр

АҚШ әділет министрлігі мәліметі бойынша, шетелдік шенеуніктерге пара беру қылмыстық схемасы әшкереленді
Sputnik

АСТАНА, 25 мамыр – Sputnik. АҚШ-тың билік өкілдері Қазақстаннан Қытайға газ құбырын салу кезінде ақшаны жылыстату ісі бойынша айыптауларды алға тартты.

АҚШ-тың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығуының салдары қандай болуы мүмкін?

АҚШ-тың әділет министрлігі тергеуге сілтеме жасап хабарлағандай, 50 жастағы Ресей азаматы Виталий Лешков шетелдік шенеуніктерге пара беру үшін ақшаны жылыстату қылмыстық схемасына қатысқан. Пара Огайо штатындағы Rolls-Royce компаниясының құрылғыны жеткізу бойынша келісімге қатысуын қамтамасыз ету мақсатында берілген, деп хабарлайды РИА Новости.  

Ресейліктен бөлек ақшаны жылыстату ісі бойынша 62 жастағы Армения азаматы Азат Мартиросян мен 70 жастағы Грекия азаматы Петрос Контогурис айыпталды.

Үш айыпталушы да АҚШ аумағынан тысқары тұрады.