Әлем

Ерте өлу тәуекелін төмендететін азық-түлік анықталды

Ғалымдардың зерттеуіне 30-дан 79 жасқа дейінгі 416 мың Қытай тұрғыны қатысты
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Күніне ең болмағанда бір жұмыртқа жейтін адамдар жүрек-қан тамырлары ауруына сирек шалдығады. Бұл туралы британ және қытай ғалымдарының еңбегінде айтылған, деп хабарлады ScienceDaily. 

Ғалымдар дене еңбегі ер адамдарды өлімге әкеліп соқтыратынын анықтады

Зерттеуге 30-дан 79 жасқа дейінгі 416 мың Қытай тұрғыны қатысты. Еріктілер төрт жыл бойы жұмыртқаны қаншалықты жиі жегенін айтып отырған, ал дәрігерлер олардың денсаулығын бақылаған.  

Дәрігерлер бақылау жүргізген тоғыз жылдың ішінде 83 977 адам жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығып, оның 9 985-і көз жұмған.  

Зерттеу нәтижесі аптасына кем дегенде бес жұмыртқа тұтынғандар екі жұмыртқа жегендермен салыстырғанда геморрагиялық инсульттен 28 пайызға, ал жүрек-қан тамырлары ауруларынан 18%-ға аз көз жұмғанын көрсетті. Сонымен қатар, жұмыртқаны сүйсіне жейтіндер жүректің ишемиялық аурына 12%-а аз шалдығатын көрінеді.  

Бұған дейін америкалық ғалымдар аптасына ең болмағанда екі рет балық жеу инфарктен немесе өзге де жүрек және қан тамырлары ауруларынан ерте қайтыс болу мүмкіндігін едәуір төмендететінін анықтаған болатын.