Спорт

Головкин – "Канело" реваншы: Котто нокаутқа 3 млн доллар тігетінін айтты

Мигель Коттоның пікірінше, мексикалықтың Головкинге қарағанда техникасы жақсырақ
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр — Sputnik. Facebook-тегі Boxing Fans Worldwide en Español паблигі Мигель Коттоның қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасында өтуі мүмкін реваншқа қатысты айтқан сөзін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин әлемдегі 100 үздік спортшының қатарына енді

Әлеуметтік желі паблигіндегі Мигель Котто айтты деген сөзді назарларыңызға ұсынамыз: 

"Канело" Альварестің Головкинге қарағанда техникасы жақсырақ. Меніңше, екінші жекпе-жекте "Канело" жеңеді. Егер реванш өтетін болса, мен "Канело" нокаутпен жеңеді деп 3 миллион доллар бәс тікпекшімін".  

Айта кетейік, Boxing Fans Worldwide en Español паблигінің 14 мыңнан астам жазылушысы бар, ресурс АҚШ, Мексика және Пуэрто-Рико елдерінің испан тілді бокс сүйер қауымына арналған.