Өңірлер

Қызыл түске боялған Үлкен Алматы өзені қауіпті ме?

Бұдан бұрын әлеуметтік желілерде пайда болған видеода өзен қып-қызыл болып ағып жатыр
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысы Айзат Молдағасымова Үлкен Алматы өзенінің суын зерттеу нәтижелерімен бөлісті.

20 мамыр күні Үлкен Алматы өзені қызыл түске боялып, алматылықтардың зәресін алған болатын.

"Сараптама нәтижелері теріс болып шықты, су барлық талаптарға сай келеді", — деп мәлімет берді Айзат Молдағасымова.

Бұдан бұрын департамент басшысы хабарлағандай, өзен суының түсі өзгергендігі туралы ақпарат 20 мамыр күні түскен. 21 мамырда су табиғи түсіне қайта енген. Молдағасымованың сөзіне сүйенсек, департамент қызметкерлерінің қолында бір ғана материал – әлеуметтік желіде тараған видео ғана болыпты.