Өңірлер

Фотодерек: Алматыда жазға бір апта қалғанда қар жауды

Метеорологтар айтқандай, мамыр соңында Алматыда қар жаууы табиғи ауытқу болып саналады
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Жазға бір апта қалғанда Алматыда қар жауды. Кеше кешкісін тау бөктерінде қапалақтап қар түсе бастаған.

Метеорологтар растағандай, жылдың бұл мезгілінде қар жаууы Алматы үшін табиғи ауытқу болып саналады.

Сәрсенбі күні кешкісін қар жамылған Шымбұлақ демалыс орны бақылау камерасына түсірілген.

Шымбұлақта қар жауды

Бейсенбі күні таңертең Алматы маңындағы тау бөктерін түгелдей қар басты. Ауа температурасы 5 градус жылы.