Әлем

Илон Маск БАҚ-тың "шыншылдығын" анықтайтын сайт жасамақшы

Болашақ ресурс үшін Илон Маск орысша "Правда" атауын таңдаған, бірақ оның себебін түсіндірмеді
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Өнертапқыш әрі миллиардер, Tesla және SpaceX компанияларының иесі Илон Маск БАҚ-тың "шынайылық" рейтингін анықтауға арналған "Pravda" интернет-ресурсын жасап шығармақшы.

"Халық кез келген мақаланың шынайлығына баға беріп, уақыт өте келе әр тілшіге, редакторға немесе мақалаға деген сенім деңгейін анықтай алатын сайт жасамақшымын", — деп жазды кәсіпкер.

Масктың айтуынша, ресурс "насихатшыл боттарды" анықтап, тіркейтін болады, деп хабарлайды РИА Новости.

Илон Маск Google-дан Қазақстан президенті туралы сұрады

Ол болашақ ресурсты "Правда" деп атауды ұсынды, бірақ неге орыс тіліндегі сөзді таңдағанын түсіндірген жоқ.

Илон Маск бұл идеяны қанша жұрт қолдайтынын білу үшін дауыс беруге шақырған. Сауалнамаға 260 мыңнан астам адам қатысыпты.

"БАҚ өкілі болсаңыз, "Правда" сайтының шыққанын қаламасаңыз, оқырмандардан оған қарсы дауыс беруді сұрап, мақала жазыңыз…" – дейді өнертапқыш.