Өңірлер

Павлодарда тағы бір педофил сотталды

19 жастағы педофил қаршадай қызды зорлаған. Енді он жылдан астам түрмеде жазасын өтейді
Sputnik

АСТАНА, 24 мамыр – Sputnik. Павлодар қаласы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған 19 жастағы тұрғынға үкім шығарылды, деп хабарлайды соттың баспасөз хатшысы Жанна Тергемесова.

Екібастұздағы лифтіде педофил қаршадай қызды зорламақ болды

Сот ведомствосының мәліметінше, сотталушы екі бап бойынша айыпталған: ҚР ҚК 120-бабы 4-тармағы (Кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау) және 122-бабы 3-тармағы (Кәмелеттік жасқа толмаған қызды бірнеше рет зорлау). Судья сотталушыны айыпты деп танып, 16 жылға соттады.

Бұдан бөлек, ол жасөспірімнің заңды өкіліне материалдық шығын ретінде 90 мың теңге және моральдық шығын ретінде 500 мың теңге төлейді, сондай-ақ мемлекетке сараптама жүргізгені үшін 180 мың теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді.

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істеуге, педагогикалық лауазымды иеленуіне тыйым салынған. 

Сотталған ер адам Павлодар облысының тумасы, орта білімі бар, үйленбеген.

Сот процесі жабық режимде өткендіктен, басқа дерек берілген жоқ. 

"Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ", — делінген сот ведомствосының баспасөз хабарламасында.